424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда шетелдік Олимпиада құрамасының мүшесінен КВИ анықталды

  • 68
  • UPD: 15:29, 16.07.2021
Жапонияда шетелдік Олимпиада құрамасының мүшесінен КВИ анықталды

Жапонияда шетелдік олимпиадалық құраманың мүшесі коронавирус жұқтыру бойынша алғаш рет ауруханаға түсті.

Нигерияның шамамен 60-65 жастағы азаматы Жазғы Ойындарға қатысу үшін Токионың Нарита әуежайына ұшып келгеннен кейін бірден тест тапсырған. Нәтижесінде оның ковидке шалдыққаны белгілі болды. Дәрігерлер науқастың ауруы жеңіл өтіп жатқанын мәлімдеген. Бірақ нигериялықтың созылмалы ескі дерттері бар болып шықты. Сондықтан ауруханаға жатқызылған.

Айта кетейік, коронавирус Израиль, Уганда және Сербия спортшыларынан да анықталған болатын. Сондай-ақ 14 шілдеде Ресейдің регби бойынша әйелдер құрамасы оқшауланды. Себебі команданың массаж жасайтын маманы ковид-19 жұқтырған. Токио Олимпиада 23 шілдеде басталып, 8 тамызда аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы