Әлемнің еңбек нарығында 110 миллион жұмыс орыны қысқарды

Пандемияға байланысты әлемнің еңбек нарығында 110 миллион жұмыс орны қысқарды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген зерттеу осындай нәтиже берген. Түрлі қаржылық қолдау арқылы 20 миллион жұмыс орыны сақталды. Десе де, қазір жер бетінде екі қолға бір күрек таппай жүргендер қатары пандемияға дейінгі көрсеткіштен жоғары. Оның үстіне қызметтен қысқарған азаматтардың қайта жұмысқа орналасу белсенділігі де өте төмен. Бұған дейін қысқартуға ұшырағандар үш ай ішінде жаңа жерге орналасатын. Қазір бір жылдан астам еңбек етіп, табыс таппағандар көбейіп барады. Басым бөлігі мектеп немесе университет бітірген жастар. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының болжамынша, Ұлыбритания мен АҚШ-та еңбек нарығы 2023 жылы ғана бұрынғы қалыпқа келуі мүмкін. Ал өзге мемлекеттерде бұл үрдіс 2025 жылға дейін жалғасады.

Матиас Корманн, ЭЫДҰ Бас хатшысы:

- Мемлекет тарапынан қолдау жасалғанымен дағдарыс жастар мен жалғыз басты әйелдерге, біліктілігі төмен азаматтардың тұрмысына кері әсер етті. Жұмыссыздық мәселесін тез арада шешпесе, бұл үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Мәселен, биыл АҚШ-та жастардың 9 проценті екі қолға бір күрек таппады. Салдарынан жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 27 процентке жетті. Оның үстіне уақытша және маусымдық жұмысқа орналасқандар тұрақтап қалу мүмкіндігінен айырылды.

Сондай-ақ...