Бельгияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті

Бельгияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.

Бұған дейін 12 адам құрбан болғаны анықталған. Одан соң Троз коммунасы ауданында тағы үш адамның мәйіті табылды.

Төрт адам әлі із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Су тартылғаннан кейін су тасқыны құрбандарының саны әлі де көбеюі мүмкін.