Абу-Дабиде карантин күшейтілді

Абу-Даби билігі карантин талаптарын күшейтті. Себебі коронавирустың жаңа мутациялары белсенді таралып жатыр.

Алдағы аптадан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне тапсырылғанына 48 сағат өтпеген ПТР-тестінің теріс нәтижесі болғанда ғана кіруге болады. Сондай-ақ түнгі мезгілде коменданттық сағат жарияланды. Таңғы 5-ке дейін көлік пен адамдардың жүруіне тыйым салынған. Бұдан басқа билік сауда орталықтарына, кинотеатрларға, тамақтану орындары мен саяжайларға баруға шектеу қойды.