Канадада торнадо ағаштарды қопарып, көліктерді төңкерді

Канаданың Барри қаласында торнадо ойран салып, салдарынан 8 адам жарақат алды.

Дауыл ондаған үйді зақымдап, көліктерді төңкеріп, қоршаулар мен шатырларды қиратқан. Сондай-ақ күшті жел шаһардағы газ құбырын істен шығарып, электр желілерін үзді. Табиғи апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, осы Онтарио штатында бір аптадан бері қатты ыстық болып тұр. Елдің Ұлттық метеорологиялық бюросы алдын ала дабыл қаққан болатын.

Джефф Леман, Барри қаласының мэрі:

- Қазіргі сәтке дейін бізге құрбан болғандар туралы ақпарат түспегенін қуана хабарлаймыз. Төтенше жағдай кезіндегі жоспар бойынша әрекет еттік. Бірақ үйлер мен ғимараттарға зор зақым келді.