АҚШ-та шағын ұшақ құлады

АҚШ-та Калифорния штатының солтүстігіндегі орман алқабына шағын ұшақ құлады.

Бастапқыда апаттан 2 адам қаза тапты деген ақпарат тарады. Бірақ Ассошиэйтед пресс агенттігі бұл мәліметтің әзірге ресми расталмағанын айтады. Ұшақ апаттан кейін отқа оранған, алайда өрт сөндірушілер оны өршітпей, бірден өшірді. Төтенше оқиғаның себебі әлі белгісіз. Полиция тергеуге кірісті.