Индонезия: науқастардың көбі үйлерінде көз жұмып жатыр

 

Жарты әлемге шеңгелін салған коронавирус індеті соңғы күндері Индонезияны да алқымнан алып тұр.

Елде дерт дерегі өте көп. Ауруханаларда бос орын жоқ. Соның салдарынан науқастардың көбі үйлерінде көз жұмып жатыр. Қолда бар мәлімет бойынша, маусымнан бері дәл осылай 557 адам бақилық болған. Дені Ява аралының тұрғындары екен.

Айта кетейін, 270 миллион халқы бар Индонезияда өткен аптада коронавирус жұқтыру деректері алдыңғы аймен салыстырғанда жеті есе артып кеткен. Ал шілденің басынан бері өлім-жітім көрсеткіші 2 есеге ұлғайыпты.