Ресейде Ан-28 жолаушылар ұшағы табылды, лайнерде 20-ға жуық адам болған

Бірнеше сағат бұрын радар экранынан жоғалып кеткен ресейлік Ан-28 ұшағы табылды.

Кедровый қаласынан Томскке ұшып бара жатқан әуе кемесі Бакчар ауданына апатты жағдайда қонған. Белгілі болғандай, лайнерде 20-ға жуық адам болған. Арасында балалар да болыпты. Абырой болғанда, бәрі дін аман.

Айта кетейік, бұған дейін Ан-28 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болуы мүмкін деген хабар тараған еді. Осыған байланысты мамандар шұғыл түрде іздеу-құтқару жұмыстарын қолға алған болатын.