424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ әлем елдерін Олимпиада кезінде соғысты тоқтатуға шақырды

  • 100
  • UPD: 09:08, 17.07.2021
БҰҰ әлем елдерін Олимпиада кезінде соғысты тоқтатуға шақырды

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерін Олимпиада ойындары кезінде әскери қимылдарды тоқтатып, «олимпиадалық бітімге» келуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бейбітшілікке бет бұрып, ортақ мақсаттар үшін бірігу биыл бұрынғыдан маңыздырақ болып тұр. Себебі бүкіл әлем пандемияны тоқтату үшін күресіп жатыр», деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, Олимпиадалық бітім біздің заманымызға дейін VIII ғасырда ежелгі Грекияда пайда болған дәстүр. 1992 жылы Халықаралық олимпиада комитеті оны қайта жаңғыртып, әлем жұртшылығын бұл дәстүрді ұстануға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы