424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде бір тәулікте 25 мыңнан астам адам вирус жұқтырды

  • 87
  • UPD: 23:15, 17.07.2021
Ресейде бір тәулікте 25 мыңнан астам адам вирус жұқтырды

Ресейде індеттің таралуы күшейіп, соңғы бір тәулікте коронавирус тағы 25 мыңнан астам адамнан анықталды. Жалпы елде індетке шалдыққандар саны 6 миллионға жуықтады.

Бұл туралы ковид-19-бен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Науқастардың көбі Мәскеу, Ленинград және Нижегородск облыстарында тіркелген. Дәрігерлер дерттен өлім-жітім де көбейгенін айтады. Оған «дельта» штамының таралуы мен аптап ыстық себеп дейді.

Хабар 24 телеарнасы