Каталонияда коменданттық сағат енгізілді

Испанияның Каталония аймағында індеттің таралуы күшейіп, комменданттық сағат енгізілді.

Шектеу өңірдегі халық саны 5 мыңнан асатын барлық қалада қолданылатын болады.  Комменданттық тәртіп 1 аптаға созылады. Оған сай тұрғындардың түнгі 1-ден таңғы 6-ға дейін  себепсіз жүруіне тыйым салынады. Ал елдің туристік аймағы саналатын Каталонияда соңғы апталарда вирусты жұқтырғандар саны Испанияның өзге өңірлеріне қарағанда 2 есе артқан.

Пьер, саяхатшы:

– Бұл дұрыс шара. Жаңалықтардан вирус жұқтырып жатқандар көбейгенін естідім. Сондықтан шектеу халықты қорғау үшін енгізілді деп санаймын.

СИДНЕЙДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

Австралияның Сидней қаласында шектеулер қатаңдатылды. Оған соңғы бір күнде коронавирустың тағы 111 адамнан анықталуы себеп. Тыйымдар шілденің аяғына дейін созылады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа сауда нүктелері жабылып, құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтайды. Мекеме қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуге кеңес берілді.

Сондай-ақ...