Ресейде бір тәулікте 25 мың адам вирус жұқтырды

Ресейде індеттің таралуы күшейіп, соңғы бір тәулікте коронавирус тағы 25 мыңнан аса адамнан анықталды.

Жалпы елде індетке шалдыққандар саны 6 миллионға тақады. Бұл туралы «Ковид-19»-бен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Науқастардың көбі Мәскеу, Ленинград және Нижегородск облыстарында тіркелген. Дәрігерлер дерттен өлім-жітім де көбейгенін айтады. Оған «дельта» штамының таралуы мен аптап ыстық себеп дейді.