АҚШ: паркте химиялық заттар төгіліп, 29 адам зардап шекті

АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы аквапаркте ауаға химиялық заттар тарап, 29 адам зардап шекті.

Оқиға шаһардың шеткі ауданындағы аттракционның бірінде болған. Құтқарушылардың айтуынша саябақта гипохлорид натрий мен күкірт қышқылы төгіліп, жақын маңдағы адамдардың денесі тітіркеніп тыныс алу жүйелеріне әсер еткен. Оқыс оқиғаға байланысты ойын-сауық орны уақытша жабылып, тергеу жүріп жатыр.