Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысының алғашқы кездесуі өтті

Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысы Қатар астанасы Дохада тағы бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қос тараптың кезекті келіссөзі нәтижесіз аяқталды. Кездесуде қандай мәселелер талқыланғаны әлі белгісіз. Дегенмен тараптар екі күннен кейін қайта бас қосатын болып шешкен.

Ауғанстанда АҚШ пен оның одақтастары әскерін шығаратыны туралы мәлімдеген соң тәліптер бас көтеріп, үкіметке шабуылы күшейді. Біріккен ұлттар ұйымының хабарлауынша, қарулы топтар елдің көп бөлігін бақылауына алған. Салдарынан тәліптердің зорлық зомбылығынан қорқып баспаналарын тастап қашқан тұрғындар саны көбейген.

Сарапшылар әскери қимылдардан 3 жарым миллионнан аса адам босқынға айналғанын айтады.

Сондай-ақ...