Боливияда дәстүрлі би фестивалі өтті

Боливия астанасы Ла-Паста былтыр індетке байланысты өтпей қалған дәстүрлі би фестивалі ұйымдастырылды.

Бишілер салтанатты шеруге қатысу үшін вакцина салдырған немесе ПТР-тест тапсырған болуы тиіс. Көрермендерге де дәл осындай талап қойылған.

Фестивальге қатысушы:

– Біз індетті тезірек жеңу үшін екпе салдырдық. Бүгін бетперде тағып фестивальге қатысып жатырмыз. Барлық боливиялықтарды коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырамыз.

Жалпы Боливияда 7 милионнан астам адам екпенің бірінші дозасын алған.