Оңтүстік Кореяда 19 шілдеден бастап жоғары сынып оқушылары вакцина салдырады

Оңтүстік Кореяда 19 шілдеден бастап жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерге коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республика бойынша 650 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алады. Екпенің бірінші дозасы оларға шілденің соңына дейін, ал екіншісі 9-20 тамыз аралығында егіледі. Билік жоғары оқу орындарына түсу үшін бірыңғай емтихан тапсыру кезінде балаларды қорғауға ниетті. Сунын деп аталатын ҰБТ-ның аналогы жыл сайын қараша айында өтеді. Вакцинация тек жоғары сынып оқушыларының ата-аналары немесе қамқоршыларының келісімімен жүзеге асады. Әр мектепте егудің жеке кестесі бар. Вакцинаны алу үшін жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің сүйемелдеуімен арнайы орталықтарға келіп, вакциналауға келісім және алдын ала медициналық тексеруден өту туралы құжаттарын алу керек. Екпе егу аяқтағаннан кейін оқушылар жарты сағат дәрігердің бақылауында болады. Балалардың денсаулығы 3 сағат бойы үйде де бақыланады. Дәрігерлер вакцина алғаннан кейін бір апта бойы физикалық белсенділіктен бас тартуға кеңес береді.

Ким Ён Нан, мұғалім:

- Қабылдау емтихандарын кедергісіз тапсыру үшін оқушылар вакцина алғанына қарамастан бетперде тағу керек. Ауру белгілері болса медициналық пунктке хабарласқаны жөн. Дәл қазір мектепте әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын. Бірақ барлық оқушылардың түскі ас кезінде сақтық шараларын орындағанына өте ризамын.

Ли Гван У, оқушы:

- Жанама әсерлеріне байланысты вакцина салдыруға қорқып отырмын, бірақ екінші жағынан қауіпсіздік мазасызданудан жақсы. Коронавирусқа байланысты қолайсыздық бар, бірақ біз сабаққа қөңіл аударамыз. Ересектер арақашықтық сақтаса деймін. Сонда біз емтиханды сәтті тапсырамыз.