Түркия полициясы Иранмен шекара маңынан 133 босқынды ұстады

Түркия полициясы соңғы екі күнде Иранмен шекаралас аумақтан 133 мигрантты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, босқындардың басым бөлігі ауғандар. Түркия билігі алдағы уақытта Ауғанстандағы қарулы қақтығыстардан бас сауғалап қашқандар қарасы көбеюі мүмкін деп отыр. Ал, Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, Ауғанстанда биыл жыл басталғалы тәліптердің үкімет қолындағы аймақтарға шабуылдарының күшеюінен 270 мыңнан аса тұрғын баспанасын тастап кеткен. Ел ішінде босқан халықтың саны 3,5 миллионнан асқан.