Рим папасы операциядан кейін қызметіне кірісті

Рим папасы Франциск қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін ол әдеттегідей Ватикандағы шіркеу балконынан дәстүрлі діни жоралғыларды жүргізді. Алаңға жиналған халық шағын туларды желбіретіп, ризашылығын білдірді. Екі апта бұрын Рим папасының ішегіне операция жасалды. Салдарынан Франциск 2013 жылы Рим папасы болып сайланғаннан бері алғаш рет Ватиканнан дұға рәсімін істеген жоқ.