Кенияда мұнай таситын танкер жарылып, 13 адам қаза тапты

Кенияның батысында мұнай таситын танкер жарылып, 13 адам ажал құшты. Негізі танкер ауыл маңындағы жолда жүк көлігімен соқтығысып, апатқа ұшыраған. Осы сәтті пайдаланған жергілікті тұрғындар бөшкедегі мұнайды сора бастаған. Жалпы қара алтын ұрлығымен байланысты қайғылы оқиғалар бұл елде жиі болады. 2009 жылы жарылыстан 120 адам құрбан болған еді.

 - От лапылдап тұрды. Жанына жақындай алмайсың. Сол аралықта бір адам шелекпен бөшкедегі мұнайды алып шықты. Басқалары үлгірмеді. Кезекте тұрғандардың көбі сол жерде қайтыс болды.