Нидерланд 3D принтерде кәдімгі көпірді басып шығарды

Нидерландтың Амстердам қаласында бірегей көпір ашылды. Оның ерекшелігі сол көпір 3Д принтерде болаттан басып шығарылған.

Мамандар оны салу үшін сым-темір доғасын жасайтын тың технологияны пайдаланған. Ал өткелдің дизайнын жергілікті маман дайындаған. Бірегей құрылысты бақылап отыру үшін арнайы өлшегіш құралдары орнатылған. Ол адамдардың жүрісінен көпір қалай өзгеретінін қадағалап отыратын болады. Мамандар бұл әлемде 3Д принтерде басып шығарылған жалғыз көпір дейді.   

Тим Гёртьенс, MX3D компаниясының өкілі:

 - Біз көпірді басып шығаратын технологияны өзіміз ойлап таптық. Ол үшін дәнекерлеу аппараты мен робот қолданылды. Біздің бағдарламамыз осы екі бөліктен тұратын жүйені басқарады.