Иранда қатты жер сілкінісі болды

Иранның оңтүстігінде 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Бушир қаласынан солтүстікке қарай 103 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпулерінің ошағы екі шақырым тереңдікте болған.

Цунами қаупі әзірге жарияланған жоқ.

Сондай-ақ...