Якутияда орман өрті қалаға жетті

Сібір ормандарында 187 жерде өрт болып жатыр. Көк түтін Якутияның 51 қаласына жеткен.

Якутск қаласының мэрі тұрғындарға терезені ашпауға және үйде болуға кеңес берді. Табиғи апат аймағында қазір 2 мыңнан астам өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Жергілікті әуежай мен Лена өзеніндегі навигация құралының жұмысы уақытша тоқтатылды. Өткен аптада Якутияға Ресейдің басқа өңірлерінен көмекке әскери тікұшақтар келген болатын. Мамандардың айтуынша, өрт 800 мың гектар аумақты жалмап үлгірген.

Алексей Росляков, өрт сөндіруші:

- Өртті сөндіруге күшті жел кедергі жасап тұр. Қазіргі ең басты мәселе осы. Әйтпесе отты тез сөндірер едік.

Сондай-ақ...