Меккеде қажылық мінәжат жүріп жатыр

Меккеде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған мұсылмандар қажылық рәсімін өтеп жатыр. Исламның бесінші парызын орындауға биыл 18 бен 65 жас аралығындағы 60 мың адамға рұқсат етілген.

Олар Сауд Арабиясының жергілікті азаматтары мен осы елде тұрып жатқан шетелдіктер. Сырттан келуге ел билігі тыйым салған болатын. 2019 жылы 2 жарым миллиондай адам қажылық рәсімін өтеген еді. Меккедегі мешіт пен айналасын зарарсыздандыруға роботтар пайдаланылуда. Бетперде тағу және арақашықтықты сақтау қатаң талап етіледі. Жүріп тұру үшін 3 мың электрлі көлік бөлінген.

Мұхаммед Номан, Палестина азаматы:

- Аллаға шүкір, өмірімде бірінші рет қажылық парызын өтеп жатырмын. Бағым бес елі екен. Бұл жерде қазір бәрі басқаша. Барлық жағынан жақсы ұйымдастырылған. Арапа күнгі амалдарымызды жалғастырамыз.