424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Боинг Старлайнер» кемесі ғарышқа екінші рет аттанады

  • 70
  • UPD: 13:09, 19.07.2021
«Боинг Старлайнер» кемесі ғарышқа екінші рет аттанады

АҚШ-тың Флорида штатында «Боинг Старлайнер» кемесін халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл ғарыш аппаратының екінші сынақ сапары. Шара 30 шілдеге белгіленген. Сапар 1 аптаға созылады. Жақында мамандар ғарыш кемесін орбитаға алып шығатын «Атлас-5» зымыранына бекітті. «Боинг Старлайнер» орбитаға шыққан соң зымыраннан бөлініп, халықаралық ғарыш айлағына барып қонуы тиіс. Содан кейін қайтадан Жерге оралуы қажет. Ғалымдар осы арқылы кеменің ғарыш станциясымен қалай түйісетінін бақылап, тексеріп көрмек.

 «Боинг Старлайнер» 2019 жылы алғашқы сынақ сапары кезінде халықаралық ғарыш станциясына жете алмаған еді. Сондықтан ғарыш кемесі экипажсыз сыналатын болады.

Хабар 24 телеарнасы