Вьетнамның 16 провинциясында карантин күшейтілді

Вьетнам билігі оңтүстіктегі 16 провинцияда екі апта бойы жүріс-тұрысты қатаңдатты.

Денсаулық министрлігі ковид өршіген аймақтарға 2 мың жасанды желдеткіш пен ондаған мың медицина қызметкерін жіберген. Соңғы бір күнде Вьетнамда 5926 адам індет жұқтырған.