ЕО әлемде вакциналау қарқыны бойынша алдыңғы орынға шықты

Еуропалық одақ вакциналау қарқыны бойынша алғаш рет әлемде алдыңғы орынға шықты. Осылайша Еуропа Құрама Штаттарды 0,2 процентке басып озды.

Алайда АҚШ вакцинаның 2 компонентін толық алғандар саны бойынша озық. Бұл көрсеткіште Еуроодақ елдері әзірге 42 проценттен аспаған.