Ғалымдар қан тоқтатуға арналған желім ойлап тапты

Канададағы Батыс Онтарио университетінің ғалымдары жараға жаққаннан кейін қан кетуді тоқтата алатын желім жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Препараттың негізгі құрамы - ланцегол жыландарының уынан бөлінетін батроксобин. Дәрігерлер бұл затты гидрогельмен араластыра отырып, хирургиялық операциялар кезінде қан кетуді тоқтату үшін қолданады.

Тәжірибе кезінде оны жарықта қататын арнайы желатин құрамына қосқан. Кеміргіштерге зерттеу кезінде ғалымдар жараны 45 секундта бітей алды, осылайша қан жоғалту 78% төмендеген.

Препарат кесілген жерлерге, қолқаның жарылуына және бауырдың зақымдануына тиімді екендігі дәлелденді. Оны жасаушылар кейбір өзгертулерден кейін олардың өнертабысы барлық жерде қолданылатын болады деп үміттенеді. Бұл аппликаторы бар түтікке салынған дәрі болады.