Тамыз айында індетке жастар көп шалдығуы мүмкін – Еуропалық мамандар

Еуропада 2-3 аптадан кейін коронавирус жұқтырғандар саны 5 есеге дейін артады.

Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық  орталық мамандары осындай көңіл көншітпейтін болжам жасап отыр. Бәріне вирустың дельта штамы себеп. Тамыздың басында кәрі құрлықтағы індет жұқтыру деректерінің 90 процентінде осы мутация анықталады деген болжам бар. Мамандардың топшылауынша, Еуропада ең қиын эпидахуал Кипр, Нидерланд пен Испанияда қалыптасады. Алдағы уақытта науқастар арасында 15-24 жас аралығындағы азаматтар саны көбеюі мүмкін дейді. Жастардың иммунитеті мықты болғандықтан, өлім көрсеткіші артпауы тиіс деген болжам бар.