424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде барлық мұсылмандар Құрбан айт намазын онлайн форматта оқиды

  • 69
  • UPD: 10:40, 20.07.2021
Ресейде барлық мұсылмандар Құрбан айт намазын онлайн форматта оқиды

Ресей астанасында Құрбан айт намазы екінші жыл онлайн оқылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күні Мәскеудегі «Собор» мешітіне індетке дейін жүз мыңнан астам адам келетін. Санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау мақсатында Ресей билігі Мәскеу мен Санкт-Петербургте жамағат үшін мешіттерді жабық ұстауға шешім қабылдаған. Ал Башқұртстан мен Татарстанда мерекелік намаз санитарлық шаралар аясында өткізілуде. Дағыстан мен Шешенстанда да осындай жағдай. Ресей мұсылмандары үшін биылғы ең басты шектеу - олар Меккеге қажылыққа бармайды.

Шамиль Арсланов, «Собор» мешітінің имамы:

- Коронавирус шектеулеріне байланысты мешіттерге жамағаттың келуіне рұқсат жоқ. Бірақ мүфти Равиль Гайнутдин, имамдар мен наиб-имамдар мерекелік Құрбан айт намазын оқиды. Барлық мұсылмандар осы намазды онлайн форматта оқи алады. Денсаулығы нашарлаған, жөтелген адамның мешітке келмегені дұрыс деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы