424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ бала емізетін аналарға вакцина алуға кеңес берді

  • 174
  • UPD: 10:38, 20.07.2021
ДДСҰ бала емізетін аналарға вакцина алуға кеңес берді фото: m24.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бала емізетін аналарға коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың айтуынша, қысқа мерзімді зерттеулер екпе алу емшектегі балаға ешқандай қауіп төндірмейтінін көрсеткен. Мамандар сәбиге иммунитет сүт арқылы берілетінін айтады. Бұдан басқа, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерді вакциналу бойынша басымдыққа ие топтардың қатарына жатқызуды ұсынды. Себебі бала көтерген нәзік жандар ковид жұқтырған жағдайда салдары аса қауіпті болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы