Калифорния штатында орман өрті өршіп барады

АҚШ-тың халық ең көп шоғырланған Калифорния штатындағы орман өрті өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аптап ыстық пен күшті жел жағдайды одан сайын ушықтыруда. Осы елдің Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметі бойынша температура бағаны жақын күндері төмен түспейді, желдің де екпіні әзірге басылмайды. Бүгінге дейін алапат өрт 70-тен астам шаршы шақырым, жасыл желекті жалмап үлгерген. Жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Өрт сөндірушілердің әрекеті әзір оң нәтиже бермей тұр.