Якутиядағы орман өрті жасанды жаңбырмен сөндіріліп жатыр

Якутиядағы орман өрті ие бермей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік жасанды жаңбырдың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Бүгінге дейін 1,5 миллион гектар жер күлге айналған. Қазір 200-ден астам от ошағы тіркелген. Өрт сөндірушілерге көмекке авиация тартылды. Әуе рейстері мен кемелер уақытша тоқтатылды. Республикада төтенше жағдай режимі жарияланған.

Александр Агафонов, Орман шаруашылығы федералдық агенттігі басшысының орынбасары:

- Жағдайды қазір бақылауға алдық. Кеше бір, бүгін 2 өрт ошағы сөндірілді. Ертең төртінші ошақты толығымен өшіреміз.

Сондай-ақ...