Германияда су тасқынынан қаза тапқандар 164 адамға жетті

Тағы жүздеген тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су жолдар мен егіс алқаптарын шайып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропада өткен аптада басталған су тасқынынан Германиядан бөлек, Бельгия тұрғындары да зардап шекті. Тұтас елді мекендер жарықсыз және байланыссыз қалған.

Бернард Керн, Берхтесгаден округінің әкімшісі:

- Инфрақұрылым қатты қирады. Әзірге әкімшіліктер апат шығынын есептей алмай жатыр. Бірақ шұғыл қаржылай көмек керек.