Кабулда Құрбан айт намазы кезінде президент сарайы зымыранмен атқыланды

Ауғанстан астанасы Кабулда президент сарайы зымыранмен атқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде Құрбан айт намазына оқылып жатқан. Жамағат құлшылығына ел президенті Ашраф Ғани мен басқа жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан. Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша кемінде 3 зымыран атылған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген. Тергеу басталды.

Сондай-ақ...