АҚШ-та жоғалудың алдында тұрған салпыерін төлдеді

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы хайуанаттар бағында тұқымы сиреп кеткен «Бэрд» салпыерні төлдеді.

Ол қазір жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Енесі бірнеше жыл бұрын жануардың тұқымын сақтап қалуға бағытталған арнайы бағдарлама аясында әкелінген еді. Бүгінде «Бэрдтің» жалпы саны 5 мыңға жетпейді. Ғалымдар жануардың азаюйына Латын Америкасындағы тропикалық ормандарды аяусыз отаған адамдардың ашкөздігі басты себеп дейді.

Боб Лесснау, Одюбон хайуанаттар бағының өкілі:

– Оның өмірге келуі - өте маңызды оқиға, себебі «Бэрд» салпыеріндері жоғалудың алдында түр. Негізінен олар Мексика мен Колумбияда тіршілік етеді. Бірақ ол жақтарда орман ағаштары сиреп, адамдар аулап, тұқымын тұздай құртып жатыр.

Сондай-ақ...