Египетте ежелгі әскери кеменің қалдықтары табылды

Халықаралық археологтар тобы Египеттің Александрия жағалауынан ежелгі әскери кеменің қалдықтарын тапты. Зерттеушілердің айтуынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда құрылған, деп хабарлайды «Хабар 2wi-fi.ru сілтеме жасап.

Кеме жер сілкінісі кезінде батып кеткен, деп мәлімдеді Египеттің ежелгі жәдігерлер жөніндегі жоғарғы кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Вазири. Жер сілкінісі Амон құдайының ғибадатханасы қабырғасының бір бөлігін құладтқан, сол  сынықтар кемені жауып тастап, жәдігер бүгінгі күнге дейін жақсы деңгейде сақталған.

Кеменің ұзындығы 25 метрді құрайды.

Сондай-ақ...