Британияда маскадан қалыңдық көйлегі тігілді

Көйлек үйлену тойларына карантиндік шектеулерді алып тастауға үндейді, сонымен қатар қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Көйлекке 1500 қайта өңделген маска қолданылған. Киімді дизайнер Том Сильвервуд жасаған, оны модель Джемайма Хамбро киіп шықты.

Көйлек сонымен қатар қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсететіндігімен ерекшеленеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Британияда апта сайын 100 миллион маска лақтырылады.