Германияның батысындағы аудандарды қалпына келтіру бірнеше жылға созылуы мүмкін

Алапат су тасқынынан зардап шеккен Германияның батысындағы аудандарды қалпына келтіру бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Өңірде көпір мен жерасты жолдары секілді инфрақұрылым нысандары қатты бүлінген. Қалпына келтіру үшін 1 миллиард 300 миллион еуро қажет. Мамандар су тасқыны коронавирус жұқтыру дерегінің артуына әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.