Қытайда нөсер салдарынан метроны су басып, 12 адам көз жұмды

Қытайдың Хэнань провинциясының ең ірі қаласы Чжэнчжоуда қатты нөсер салдарынан метро тоннелін су басты.

Салдарынан 12 жолаушы қаза тапты, тағы бес адам жарақат алды.

Жаңбыр суы метро желілерінің бірінің үстіндегі автотұраққа жиналып, содан кейін ол тоннельге ағып, жолдарды басып қалған.

Тоннельден 500-ге жуық адам эвакуацияланды.