ДДСҰ вакцинация бойынша басты мақсатты айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавируспен күрестегі басты мақсат 2022 жылдың қыркүйегіне дейін әр елдегі 70 пайыз халықты вакциналау екенін айтты,  деп хабарлайды Хабар 24 Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тедрос Аданом Гебрейесус сәрсенбіде Токиодағы Олимпиада ойындары қарсаңында Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-ші сессиясында сөз сөйледі.

«АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ, Альцгеймер ауруына және бұл тізім өте ұзақ. COVID-19-бен қатысты жағдай мүлдем бөлек. Пандемияны бақылауға алуға болады. Адам өмірін сақтап қалу үшін бәрі бар. Біздің мақсатымыз - келесі жылдың қыркүйегіне дейін әр елдегі 70 пайыз халықты вакциналау. Біздің мақсатымыз - жаһандық қалпына келтіру. Пандемияны тоқтата аламыз. Мақсатқа жету үшін 11 миллиард вакцина қажет. Бұл шұғыл шараларды қажет етеді. Бірақ қазір бұрын-соңды болмаған дағдарыс жүріп жатыр және ол үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолдану керек», – деді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы пандемияны аяқтау өзімізге байланысты екенін айтты.

«Барлығы өз қолымызда. Бізде қажетті құралдар бар. Аурудың алдын ала аламыз, ауруды емдей аламыз. Пандемияны жеңе алмауымыздың себебі - нақты саяси міндеттемелердің болмауы және бұл қынжылтады. Қолымызда барлық құрал болса да, пандемияны тоқтата алмаймыз. «Үлкен жиырмалық» елдерінің үкіметтері өздерінің ерік-жігерін көрсетіп, қолда бар қаражатты пайдалануы керек», – деді Гебрейесус.