424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канн кинофестивалі - 2022 қашан өтетіні белгілі болды

  • 39
  • UPD: 18:09, 21.07.2021
Канн кинофестивалі - 2022 қашан өтетіні белгілі болды КиноПоиск

Халықаралық Канн кинофестивалі 2022 жылы 17-28 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» фестивальдің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұған дейін ұйымдастырушылар 75-ші фестивальді 10-21 мамыр аралығында өткізу туралы хабарлаған болатын.

2021 жылы Канн кинофестивалінің мерзімі пандемияға байланысты ауыстырылып, ол 6-17 шілдеде өтті. Бас жүлде – «Алтын пальма бұтағы» - француз режиссері Джулия Дюкорноның «Титан» фильміне бұйырған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы