Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды

20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды,  деп хабарлайды Хабар 24 РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырып, Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген.

Курбонби Рахмонова сәрсенбі 21 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді.

Тәжікстан үкіметі ел президентіне, оның отбасы мен туыстарының қазасына ортақтасып, көңіл айтты.

Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президентінің жұбайы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгісі бар аурудан қайтыс болған еді.

Сондай-ақ...