Нигерияда содырлардың тұтқынынан 100 адам құтқарылды

Полиция мен қауіпсіздік шаралары нәтижесінде сейсенбіде Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында маусым айында ұрланған 100-ден астам жергілікті тұрғын босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» Синьхуа сілтеме жасап. 

Замфара штатының әкімшілік орталығы Гусо қаласында өткен баспасөз мәслихатында ол 8 маусымда бір топ содырлар Мару округіндегі Манава ауылына шабуыл жасап, 100 жергілікті тұрғынды, негізінен әйелдер мен балаларды ұрлап кеткенін хабарлады. Полиция мен қауіпсіздік қызметі содырлармен келіссөздер жүргізіп, тұрғындарды босатуға мәжбүр етті.

Соңғы бірнеше айда Нигерияның бірнеше бөлігінде шабуылдар болып, салдарынан көптеген адам қаза тапты, сонымен қатар ұрланғандар саны да көп.