АҚШ-та адамдардың өмір сүру ұзақтығы төмендеді

АҚШ-та 2020 жылы адамдардың өмір сүру ұзақтығы бір жарым жылға қысқарды.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау ұлттық статистика орталығы хабарлады.

«2020 жылы АҚШ халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 77,3 жасты құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен – 78,8 жастан 1,5 жасқа төмендеді», - делінген баяндамада.

Әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 80,2 жасты құрады (2019 жылға қарағанда 1,2 жасқа аз), ерлер – 74,5 жас (2019 жылға қарағанда 1,8 жасқа аз).

Баяндамада коронавирустың салдарынан орташа өмір сүру ұзақтығы төмендегені айтылған. Коронавирустың таралуы бойынша әлемде АҚШ бірінші орында: 34 174 774 адам ауруды жұқтырды, 609 529 науқас қайтыс болды.