424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда коронавирустың «Дельта» штамы тез тарап барады

  • 84
  • UPD: 22:33, 21.07.2021
Оңтүстік Кореяда коронавирустың «Дельта» штамы тез тарап барады фото: report.az

Оңтүстік Кореяда кешелі бері шамамен 1800 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елде пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен бір күндік көрсеткіш. Жалпы мұнда тәуліктік өсімнің мыңнан түспей тұрғанына жарты ай боп қалды. Мамандар «эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына вирустың «Дельта» штамы себеп» дейді. Қазіргі кезде жаңа деректердің шамамен 40%-і осы мутациямен байланысты. Десе де, мамандар кісі өлімі мен жағдайы ауыр науқастар санының артуы байқалмайтынын айтады. Бұл вакцинаның пайдасы болуы мүмкін. Шамамен 52 миллион тұрғыны бар Оңтүстік Кореяда бүгінде әрбір үшінші тұрғын екпенің қажетті екі дозасын да алып қойған.

Хабар 24 телеарнасы