Францияда санитарлық төлқұжаттар күшіне енді

Бұрын шекараны өту мен ірі шараларға қатысу үшін вакцинация паспорты немесе ПТР-тест қорытындысы қажет болса, 21 шілдеден бастап санитарлық төлқұжатсыз мұражайлар, кинотетатр мен театрларға кіре алмайсың.

Көп ұзамай бұл тізімге дәмхана, мейрамханалар да қосылады. Бұл құжат QR-код түрінде арнайы ұялы қосымшада сақталады. Ол тек екі екпе салдырғаннан кейін шығады, бұған қоса екінші екпеден кейін бір апта өтуге тиіс. Қазір бастағанда, бұл құжатқа тек бір айдан кейін ие болады. Сондықтан алаяқтар жалған құжаттар сата бастаған. Франция үкіметі бұл үшін қатаң жаза – 5 жылға бас бостандығынан айыру мен 75 мың еуроға дейін айыппұл енгізуді ұсынды.

Блиц 1:

- Керек болса, істейміз. Заңға бағынамыз. Автобус пен метроға кіру үшін қажет болмас деген үміттемін. Жалпы қызық тәжірибе. Бізге тек айтқанды істеу қалып тұр.

Блиц 2:

- Вакцина алып үлгерген жоқпыз. Мен бір екпе салдырып, екіншісін күтуім керек. Сондықтан мұражайға кіру үшін бүкіл отбасымызбен тестілеуден өтуіміз қажет.

Бізді тым кеш ескертті деп санаймын. Кеше билет сатып алғаннан кейін санитарлық төлқұжат керек екенін білдік. Біз мұның бәрі тамыз айында басталады деп ойлаған едік. Ақырында тестілеуден өтуге тура келді.

Әзірше Парижде экспресс-тестті тегін жасайтын орындарды табуға болады. Алайда көп ұзамай жағдай өзгереді. Медициналық себепсіз вакциналанбаған адамдар ол үшін 35 еуро төлейтін болады. Екпе салдырмаған ел тұрғындарына санитарлық шаралар күшейтіліп жатса, вакцина алғандарға керісінше жеңілдетіліп отыр. Мәселен тек санитарлық төлқұжатпен кіруге болатын мекемелерде бетперде кимеуге болады.