Иранның 300 қаласында су тапшы

Иранда су тапшылығына байланысты жаппай ереуілдердің басылатын түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір апта ішінде 30-дан аса наразылық акциясы өткен. Шараның көбі полицейлермен қақтығысқа ұласып жатыр. Бүлік кезінде 2 адам көз жұмған.

Айта кеткен жөн, Иранды соңғы 50 жылда болмаған алапат қуаңшылық жайлады. Салдарынан 300-дей қалада су жетіспейді. Соның ішінде 100 шаһар «қызыл аймаққа» кірді. Өйткені мұнда тіршілік нәрінің тапшылығы өткір сезіліп отыр. Одан бөлек, құрғақшылыққа байланысты тоқты сөндіру оқиғалары да жиілеп кеткен. Наразы жұрт билік проблемаларды шешуге қауқарсыз екенін айтып, отставкасын талап етіп отыр.

Сондай-ақ...