Коста-Рика мен Панама шекарасында жойқын жер сілкінісі болды

Коста-Рика мен Панама шекарасында сәрсенбіде жергілікті уақытпен 15:15 шамасында 7,0 балдық қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Тынық мұхитында, Панамадағы Бурика шекара қақпағынан оңтүстікке қарай 113 км жерде болды. Жер сілкінісі Коста-Риканың көптеген ауданында, атап айтқанда астанасы Сан-Хосе мен ірі қалаларда дүрбелең тудырды.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Ұлттық Төтенше жағдайлар комиссиясы Коста-Рикада немесе Панамада цунами қаупі жоқ деп мәлімдеді.