НАСА-ның құралы Марстағы тіршілікті зерттеуге кірісті

НАСА-ның ғарыш құралы Марста тіршілік белгілерін зерттеуге кірісті. Рентген және ультракүлгін сәулелердің көмегімен шаң-тозаң мен тау қыртыстарының беткі жағы, геологиясы мен бағзы замандағы климат зерттеледі.

Ғалымдар осылайша микробтардың болған-болмағанын анықтауға болады дейді. Ал НАСА-ның Жердегі зертханасында 500-ге жуық ғалым қызыл ғаламшардан алынған мәліметтерді талдап отырады.

Кен Фарли, ғалым:

- Марсты зерттеу арқылы бәрімізді таңқалдыратын мәліметтерді анықтаймыз деп ойлаймын. Джезеро кратеріндегі көлдің аумағы 40 шақырымды құраған. Зерттеу қазір сол маңда жүргізіліп жатыр. Біз микробтар деңгейіндегі тіршілік белгілерін іздеп жатырмыз.

Сондай-ақ...