Будапештте ауа тазартатын граффити пайда болды

Венгрияда суретшілер тобы қалаларда жасыл желектің жетіспеушілігі мәселесіне назар аударуды ұйғарды, деп хабарлайды «Хабар 24» vokrugsveta.ru сілтеме жасап.

Ел астанасы Будапешттегі қабырғалардың біріне пейзаж салды. Граффитидің ерекшелігі – ол өсімдіктер сияқты ауаны зиянды заттардан тазарта алады.

Құпия суретте қолданылған бояуда. Оның құрамында жарықтың әсерінен ауадағы түтін мен зиянды қоспаларды ыдырататын ерекше пигменттер бар. Жасаушылардың айтуынша, 500 шаршы метрлік граффити ауа тазартуда 500 ағаштың «жұмысын» орындайды.

Венгрия астанасының билігіне бұл идея ұнаған. Сондықтан болашақта көшеде осындай ауа тазартатын граффити көптеп пайда болуы мүмкін.